«Өлімнен кейін өмір сыйлады»: Екі донор бірнеше адамның өмірін сақтап қалды

2 517

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Opennews.kz ЖИӨскеменде үш күн ішінде екі мультиағзалық донорлық ота жүргізілді. Қайтыс болған екі донордың арқасында бірнеше науқасқа трансплантация жасалды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Екі отаға да бірнеше медицина мамандары жұмылдырылды. Бірінші жағдайда донорлыққа жүрек пен бауыр алынды. Арада бірнеше күн өткен соң дәрігерлер жүрек, бауыр, өкпе және екі бүйректі алу бойынша тағы бір мультиағзалық ота жасады.

Барлық ағза Бірыңғай күту парағында тұрған науқастарға арналды. Олар Астана мен Алматыдағы республикалық трансплантация орталықтарына жеткізілді. Осындай оталарда әр сағаттың маңызы зор.

— Донорлық процестердің әрқайсысының артында реаниматологтар, трансплантологтар, хирургтер, үйлестірушілер, мейіргерлер және басқа да медицина қызметкерлерінен құралған мамандар тобының тәулік бойғы еңбегі тұр. Ағзалар барынша қысқа мерзім ішінде алынып, трансплантация орталықтарына жеткізілуі керек, — деп хабарлады ШҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.

Өскеменнен алынған ағзалар Астанадағы University Medical Center мен Ұлттық ғылыми онкологиялық орталыққа, Алматыдағы А. Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығына жіберілді.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.