Вакциналау және ревакциналау қарқынын күшейту қажет – Асқар Мамин

249

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

ҚР Үкімет басшысы Асқар Мамин вакциналау және ревакциналау қарқынын күшейту қажеттігін айтты,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

«Жалпы эпидемиологиялық жағдай тұрақты деп айтуға болады. Күн сайын тіркелетін короновируспен ауырғандар саны көбейіп жатқан жоқ. Инфекциялық ауруханалардағы төсек-орындар 23 пайызға, реанимациялық орындар 20 пайызға толық», - деп атап өтті Премьер-Министр бүгін Үкімет отырысында.

Оның дерегінше, «сары» аймақта – 6 өңір, «жасыл» аймақта 11 өңір бар.

«Қазіргі уақытта 8,8 миллионнан астам адам 1-компонентті (коронавирус вакцинасы - ред.) салдырды. Бұл 18 жастан асқан адамдардың 78 пайызына жуық. 8,3 миллионнан астам адам 2-компонент салдырды. Бұл шамамен – 73 пайыз. Бетперде режимін, әлеуметтік арақашықтықты сақтауды жалғастырып, вакциналау және ревакциналау қарқынын күшейту қажет», - деген Асқар Мамин жалпы бақылауды орынбасары Ералы Тоғжановқа жүктеді.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.