Министр: Жарты жылда 8 миллион адам қайта вакцина алуы керек

490

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Елімізде соңғы айда коронавирус инфекциясымен ауыру 19,6 есе артқан,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Экспресс К сайтына сілтеме жасап.

Короновирустың омикрон түрі еліміздің эпидемиологиялық жағдайын ушықтырып жіберді. Соңғы айда ауырғандардың саны күрт өскен.

Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният соңғы бір айда коронавирус инфекциясымен ауыру 19,6 есе, репродуктивтік сан 2,1 есеге өсті деп айтты.

Дегенмен, ауру көбейсе де, соңғы айда өлім-жітім 2,3 есе төмендеді. Бірақ ковидтік стационарларда ем алатын пациенттердің саны 2,2 есеге, амбулаториялық деңгейде аурулардың саны 5 есеге артты,— дейді министр.

Ал халықтың барлық тобы вакцинация курсынан кейін алты айдан соң ревакцинация жасауы тиіс.

Бірінші жартыжылдықта 8 миллионға жуық адам қайта вакцинациялау тобына жатады. Сол үшін министрлік ревакцинация үшін QazVac, Sinopharm және Pfizer вакциналарын қосымша сатып алуды жоспарлап отыр,— деді Ажар Ғиният.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.