Қызылорда облысында 420 мыңнан астам вакцина салдырды

267

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Қызылорда облысында 420 мыңнан астам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат  агенттігі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Өңірде санитарлық эпидемиологиялық ахуалдың тұрақтанып келеді. Осыған байланысты аймағымыз «сары аймаққа» өтті.

2020 жылғы наурыздан бері өңірде 23 727 адам коронавирус жұқтырды.
Өткен тәулікте 20 адам қатерлі індет жұқтырды. Облыс бойынша инфекциялық стационарда 253 адам (жүктеме 32 пайыз), реанимациялық төсек-орында 25 науқас ем қабылдауда.

Аймақта коронавирусқа қарсы иммундау науқанына 106 екпе кабинеті, оның ішінде аудандарда 91 кабинет тартылған. Сондай-ақ, шалғай ауылдарда, ұйымдасқан ұжымдарда, адамдар көп жиналатын арнайы орындарда (ірі сауда ойын-сауық орталықтары, базарлар және басқалары) вакцинациялау жүргізіледі. Аталған орындар арнайы оқытылған медициналық мамандарымен жасақталған. Онда вакцинаны сақтайтын арнайы тоңазытқыш бар.

Ведомство мәліметінше, қазір облыста вакцинацияның бірінші компонентімен егілгендер саны - 420 757 адам, ол екпе қабылдауға қабілетті тұрғындардың 93 пайызы. Екінші компонентпен қамтылғандар саны - 406 285 адам.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.