Елизавета II патшайым коронавирус жұқтырды

366

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Британия патшайымы Елизавета II коронавирус жұқтырды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі  BBC агенттігіне сілтеме жасап.

Агенттіктің жазуынша, патшайымға аздап суық тиген. Алайда сарайдағылар осы аптада оның Виндзордағы қызметін жалғастыратынын мәлім етті.

«Оған медициналық көмек көрсетіліп, барлық қажетті талаптарды орындайды»,-делінген мәлімдемеде.

Патшайымға вакцина салынды Елизавета ІІ 95 жаста. Ол өзінің үлкен ұлы және мұрагері Уэльс ханзадасымен байланыста болғаны белгілі. Ал өткен аптада ханзададан алынған сынама қорытындылары оның коронавирусқа шалдыққанын растап шыққан.

2021 жылдың 9 қаңтарында патшайым Елизавета II коронавирусқа қарсы алғашқы вакцинасын алғаны хабарланды. Корольдік сарайдағы BBC тілшісі Николас Витчеллдің айтуынша, патшайым вакцинаның толық курсынан өткен.

2022 жылдың 6 ақпанында Елизавета II патшайым тақтағы платина мерейтойын атап өтті. Ол 70 жыл билік еткен тарихтағы алғашқы британдық монарх болды. Патшайымның платина мерейтойын тойлауы біршама уақытқа созылады және оның шарықтау шегі жаздың басына жоспарланған: Ұлыбританияда 2-5 маусым аралығындағы күндер жалпыға ұлттық демалыс жарияланды.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.