Шымкенттік дәрігер бүлдіршіннің жүргеіне тіліксіз ота жасады

794

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Шымкенттік дәрігер Олжас Шынтасов 4 жасар қыздың жүрегіне тіліксіз ота жасап шықты, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Тумысынан ауыр дертке шалдыққан 4 жасар қыз баласы қалалық балалар клиникалық ауруханасына жеткізілген. Ауыр жағдайда түскен науқаста ентікпе-көгеру, дем жетіспеушілігінінің жиілігі сынды шағымдар болған. Пациенттің жағдайы бойынша дәрігерлер консилиум жасап, жедел түрде интервенциялық кардиология, ангиохирургия бөлімшесіне жатқызады. 

Балақайдың өмірін аман алып қалу үшін дәрігерлер интервенциялық эндоваскулярлы әдіспен транслюмминальды баллонды вальвулопластика ота жасады. Дәрігерлер операцияның сәтті өткенін мәлімдеді. 

«Бұл ақау туа бітті пайда болады, егер ота жасамаса, ентікпе-көгеру белгілері күшейіп, бала шетінеп кетуі мүмкін. Операция кезінде жүрек қақпақшасын жабық түрде кеңейттік. Яғни, баллонды вальвулопластика жасадық. Операция сәтті өтті. 23-наурыз күні пациентті үйіне шығардық», – дейді кардиология, ангиохирургия бөлімшесінің меңгерушісі Олжас Шынтасов.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.