Қазақстандағы балалар ойыншығының жартысына жуығы денсаулыққа қауіпті

462

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті: «Қазақстанда сынақтан өткен ойыншықтардың 43 пайыздан астамы қауіпсіздік талаптарына сай емес деп мәлімдеді, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің мамандары ай сайын ойыншықтардың қауіпсіздігіне мониторинг жүргізеді. Осылайша, 2022 жылдың 2 айында республика бойынша 397 үлгі іріктеліп, зерттелді, оның 173-і талаптарға сәйкес келмеді, бұл 43,5 пайызды құрады.

Оның ішінде, отандық -1 (0,5 пайыз), ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер - 16 (9,2 пайыз), басқа елдер - 156 (90,1 пайыз) екендігін атап өтті.

Негізінен, бұзушылықтар: Қытай мен Өзбекстан Республикасында өндірілген ойыншықтарда фенол, формальдегид, бензол, метил спирті, гептан деңгейінің артуы анықталып отыр.

«Балаларға қауіпті тауарларды сатумен айналысатын барлық кәсіпкерлік субъектілеріне бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді», - делінген хабарламада.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.