30 елде маймыл шешегінің 550-ден аса жағдайы тіркелді - ДДСҰ

1 208

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) әлемде маймыл шешегінің 550-ден аса жағдайы тіркелгенін айтты, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі  ұйымның сайтына сілтеме жасап.

ДДСҰ бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус мемлекет халықтың кең топтарын бақылауды күшейту керек екенін айтты. Ол маймыл шешегіне шалдығушымен тығыз физикалық қарым-қатынаста болған кез келген адам оны жұқтыруы мүмкін екенін атап өтті. 

"Қазіргі уақытта ДДСҰ-на 30 елден 550-ден аса расталған жағдай туралы ақпарат келіп түсті", - делінген хабарламада.

ДДСҰ жағдайдың дамып келе жатқанына сенімді және маймыл шешегінің әлі көп жағдайлары тіркеледі деп санайды.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.