Әлемнің 27 елінде маймыл шешегі табылды

611

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Мамыр айының басынан бері 780- ге жуық адам маймыл шешегін жұқтырған, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, инфекцияның таралуына қатысты эпидемиологиялық тергеу жалғасып жатыр. Мамандар маймыл шешегін бірден анықтау қиынға түсетінін айтты.

Маймыл шешегі Орталық және Батыс Африка елдерінде сирек кездесетін вирусты ауру болып саналады. Онда дерт әдетте маймылдар мен кеміргіш жануарлар арқылы жұғады.

Ал жыл басынан бері Африканың 5 елінде аталған аурудан 70-ке жуық адам көз жұмды. Вирус, әсіресе, Нигерия, Конго, Либерия мен Сьерра-Леонеде жиі тіркелген. Енді науқастардың басым бөлігі Ұлыбритания, Испания, Португалия, Канада мен Германияда да анықталып жатыр.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.