Дәрігер нәрестенің ата-анасымен бірге ұйықтауынан туындайтын қауіптерді атады
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Педиатр Ребекка Карлин баланың ата-анасымен ұйықтауының өлім қаупі туралы ескертті. Жаңа туған нәресте анасымен немесе әкесімен бір төсекте ұйықтаса, кенеттен қайтыс болу қаупі бес-он есе артады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “КТК” арнасына сілтеме жасап.

Дәрігер көптеген аналардың түнде емізуді жеңілдету үшін баламен ұйықтағанды жөн көретінін атап өтті.
Алайда мұндай тәжірибе жаңа туған нәрестенің тұншығуы салдарынан өліміне әкеліп соғуы мүмкін. Карлин әр тамақтанғаннан кейін баланы өз төсегіне жатқызу керек екенін еске салды.
Сондай-ақ сарапшы жаңа туған нәрестенің төсегі қатты матрацпен, жастықтарсыз және қажетсіз әшекейлерсіз болуы керек екенін айтты.
Қаз
Рус






