Тұмауға қарсы вакцинаны кімдер тегін ала алады

563

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.


Биыл елімізде тұмауға қарсы вакцина алу науқаны 3 қазанда басталады, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі 


«19 қыркүйекте тұмау мен ЖРВИ бойынша санитариялық-профилактикалық, санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу туралы қаулыға қол қойдым. Қаулыға сәйкес медициналық ұйымдар 3 қазаннан бастап тұмауға қарсы иммундау жұмысын бастауы тиіс. Оның ішінде тұмау және ЖРВИ-мен ауыратын науқастарды қабылдауға дайындығы пысықталып, зертханалардың зерттеу жүргізуге дайындығы қамтамасыз етілді», - деді денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.


Сондай-ақ, вице-министр тұмауға қарсы вакцина алу процесіне қатысты түсінік берді.

«Тұмауға қарысы вакцинаны мемлекет есебінен, яғни тегін халықтың анағұрлым осал топтары алатынын ескерткім келеді. Сонымен қатар, вакцинациялау жұмыс берушілердің қаражаты мен халықтың жеке қаражаты есебінен жүреді. Вакцинация жеке орталықтар мен тұрғылықты жері бойынша емханаларда жүргізіледі. Тұмауға қарсы вакцинация жүргізетін медициналық мекемелердің мекенжайын аймақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменттерінен және денсаулық сақтау басқармаларынан білуге болады», - дейді ол.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.