51 адам тері ауруына шалдыққан

821

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.


Қостанай облысында тері-жұқпалы аурулар бойынша эпидемиологиялық  жағдай қолайсыз деп бағаланды. Сегіз айда өңірде дерматомикозбен ауыратындардың саны артып, 51 жағдай тіркелген, - деп хабарлайды Opennews.kzақпарат агенттігі

Бұл инфекцияға көп жағдайда балалар мен жасөспірімдер шалдығады. Науқастардың 88,2%-ын қала тұрғындары құрады.

Дерматомикоздар (микроспория, трихофитоз) – саңырауқұлақ сипатындағы жұқпалы ауру. Онда тері мен шаш, сирек жағдайларда тырнақ пластиналары да бұзылады. Инфекция қоздырғышы қоршаған орта факторларына өте төзімді.

Инкубациялық кезең 4-6 апта және теріде қызыл және ісінген дақтардың пайда болуымен аяқталады.

Бұл аурудың жұғуы ауру адаммен тікелей байланыста болғанда немесе ластанған заттар арқылы жүзеге асады. Сонымен қатар дерматомикозбен ауыратын үй жануарларынан жұғуы мүмкін.

Дерматомикоздың белгілері – зардап шеккен орынды басу кезінде ауырады, қауызданып, қышиды. Сондай-ақ құлақ және желке лимфа түйіндері ұлғаюы мүмкін.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.