Президент Тоқаев әйелдердің 61 жасында зейнетке шығуы туралы заңға қол қойды

643

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың әйелдердің 61 жасында зейнетке шығуы туралы заңға қол қойды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Заң мемлекеттік жастар саясаты саласын жетілдіруге, қоғамдық қатынастарды кешенді реттеудің тиімді құқықтық негізін қалыптастыруға, халықты жұмыспен қамтуға, жастардың дамуына қажетті мүмкіндіктер жасауға бағытталған.

Заңға жастардың жасын 29-дан 35-ке дейін ұлғайту бойынша да өзгерістер енгізілді.

Сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдарға жастарды жеңілдікпен жалға берілетін тұрғын үймен қамтамасыз ету бағдарламасын әзірлеу және іске асыру бойынша жаңа құзыреттер беру көзделуде.

Сонымен қатар, заңда мына мәселелер де қаралды:
  • бала күтімі бойынша төлемдерді тағайындау мерзімінің ұзақтығын 1,5 жылға дейін ұлғайту;
  • ең төменгі базалық зейнетақының мөлшерін ең төменгі күнкөріс деңгейіне – 70%-ға тұрақты түрде жеткізу;
  • ең жоғары базалық зейнетақының мөлшері – 120%-ға дейін;
  • әйелдердің зейнеткерлік жасын 2028 жылға дейін 61 деп белгілеу;
  • жасына қарай зейнетақы төлемдерін есептеудің кіріс шегін 46 еселенген айлық есептік көрсеткіштен 55 есеге дейін арттыру.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.