Мемлекет басшысы жаңа заңға қол қойды

1 437

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Бұдан былай әлеуметтік желіде жалған ақпарат таратқандар айыппұл төлеуге міндеттелмек, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


«Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне онлайн-платформалар және онлайн-жарнама мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды», – делінген Ақорда хабарламасында. 


Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады. Заң БАҚ-та жарияланған кейін 60 күннен соң күшіне енеді.


Заң онлайн платформалар мен блогерлердің құқықтары мен міндеттерін белгілейді. Атап айтқанда, желіде жалған ақпарат таратқаны үшін қолданыстағы қылмыстық жауапкершілікпен қатар әкімшілік жауапкершілік енгізілген. Интернет-платформалардың қарапайым пайдаланушылары үшін айыппұл 20 АЕК (2023 жылы 69 мың теңге), ал кәсіпкерлік қызметпен айналысатын блогерлер үшін 40 АЕК (2023 жылы 138 мың теңге) болады.


Онлайн платформалардың интерфейстері мемлекеттік тілде болуын міндеттеу жоспарлануда. 


Онлайн сайттардың басшылары жалған ақпаратпен және салық төлеуден жалтарумен күресу мақсатында мемлекеттік органдармен бірлесіп жұмыс істеуге міндетті болады.


Сондай-ақ, интернет-сайттарды пайдаланушылар өз парақшаларында орналастырылған интернет-жарнамаларды белгілеп, жалпы өз қызметін кәсіпкерлік заңнамаға сәйкес жүргізуге міндетті болады.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.