Мемлекет басшысы Сингапур Президенті Халима Якобқа құттықтау жеделхатын жолдады
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Халима Якобты Сингапур Республикасының Ұлттық күнімен құттықтады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Президент екі ел арасындағы шынайы достық пен табысты саяси диалогқа негізделген серіктестікке жоғары баға берді.
Қасым-Жомарт Тоқаев биыл мамыр айында өткен екіжақты келіссөздер барысында қол жеткізілген уағдаластықтар Қазақстан мен Сингапур арасындағы стратегиялық байланыстарды дамыту үшін берік негіз болатынына сенім білдірді.
Қаз
Рус






