Президент Kazakhstan Paramount Engineering зауытына барды

2 332

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Мемлекет басшысы Kazakhstan Paramount Engineering зауытының жұмысымен танысты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 


Президент елорданың индустриалды нысандарын аралау барысында бронды дөңгелекті техника өндіруге және жаңғыртуға маманданған Kazakhstan Paramount Engineering зауытына да барды.


Бұл компания 2013 жылы құрылған. Ол – Қазақстан мен Орталық Азияда дөңгелекті бронды техника шығаратын бірден-бір кәсіпорын. Қазақстан аумағында өз өндірісін ашу және бәсекеге қабілетті заманауи бронды техникаға сервистік қызмет көрсету, сондай-ақ түрлі міндеттерді орындауға арналған бронды дөңгелекті машина өндірісін өркендету аталған компанияның артықшылығы саналады.


Мемлекет басшысы осы саланы ілгерілетудің келешегі зор екенін ерекше атап өтіп, компанияны қорғаныс өнеркәсібіне маманданған отандық кәсіпорындарды дамытуға жан-жақты атсалысуға шақырды.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.