Франция президенті Қазақстанға келді
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Франция президенті Эмманюэль Макрон ресми іс-сапармен Қазақстанға келеді, деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Оны елорда әуежайында Премьер-министрі Әлихан Смайылов қарсы алды. Қысқаша әңгіме барысында Үкімет басшысы Эмманюэль Макронның бұл сапары Астана мен Париж арасындағы стратегиялық әріптестікті одан әрі дамытуға жаңа серпін беретініне сенім білдірді.
Еске сала кетейік, екі елдің көшбасшылары Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмманюэль Макрон сауда-экономикалық, инвестициялық және энергетикалық ынтымақтастықты нығайту бойынша келіссөздер жүргізіп, халықаралық және аймақтық күн тәртібіндегі мәселелерді талқылайды.
Қаз
Рус






