Сенат бала құқығын қорғауға арналған заңды мақұлдады

2 510

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Бүгін Сенаттың жалпы отырысында «Бала құқықтары туралы конвенцияға хабарлар рәсіміне қатысты факультативтік хаттаманы ратификациялау туралы» Заңы мақұлданды, деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Заңның негізгі мақсаты - 2011 жылғы 19 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясы қабылдаған Бала құқықтары туралы конвенцияға хабарлар рәсіміне қатысты факультативтік хаттаманы ратификациялау. Факультативтік хаттама Қазақстан 1994 жылғы 8 маусымда ратификациялаған БҰҰ-ның Бала құқықтары туралы конвенциясына қосымша келісім ретінде саналады.

«Заңның міндеті – Бала құқықтары туралы конвенцияда бекітілген құқықтар бұзылған жағдайларда балалардың немесе олардың ата-аналарының (заңды өкілдерінің) жеке шағымдарын қарау тетіктерін белгілейтін Хаттаманы ратификациялау. Хаттамаға сәйкес балалар немесе олардың өкілдері БҰҰ-ның Бала құқықтары жөніндегі комитетіне өз құқықтарының бұзылғандығы туралы шағымдарды тікелей бере алады. Ол өз кезегінде әрбір істі қарап, қатысушы мемлекеттерге нақты ұсынымдарды қамтитын шешімдер қабылдайды», - делінген Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің мәліметінде.

Бұл заң аясында бала құқықтарын қорғау деңгейін арттыру, Қазақстан Республикасының азаматтарына өздерінің экономикалық, әлеуметтік және мәдени мүдделерін халықаралық қорғау құқығын қамтамасыз ету ескерілген.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.