Ермек Алпысов Қарағанды облысы әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды

2 506

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: ашық дерек көзіҚарағанды облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған Ермек Амантайұлы Алпысов облыс әкімінің бірінші орынбасары болды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Әкімдік ақпаратынша, ол 2001 жылдан бері мемлекеттік қызметте. Алматы облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасының жетекші, бас маманы, инспекторы, бөлім бастығы болды. Алматы облысы Ақсу ауданы әкімінің орынбасары, Талдықорған әкімінің орынбасары, Талдықорған әкімі, ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмыс бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметтерін атқарды. 2019 жылдан 2021 жылға дейін Ұлттық экономика министрінің орынбасары болды. Осы тағайындауға дейін Қарағанды облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.