Қазақ-өзбек шекарасында транзиттік жүк өтетін пункттер саны артуы мүмкін
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Қазақстан мен Өзбекстан жалпы құны 1 млрд долларды құрайтын жаңа 21 жобаны іске қосу мәселесін пысықтап жатыр. Бұл туралы елордада Өзбекстан Сыртқы істер министрі Бахтиёр Саидовпен кеңейтілген құрамдағы келіссөздерден кейінгі брифингте Премьер-Министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу айтты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
«Жаңа ғана Бахтиёр Саидов мырзамен шағын және кеңейтілген құрамда дәстүрлі достық, өзара қолдау мен сенім рухындағы келіссөздер өткіздік. Біз ықпалдастығымыздың тың бағыттарын айқындап, іргелі міндеттерді алға қойып отырмыз. Биылғы жылы өтетін жоғары деңгейдегі сапарларға, мемлекет басшыларының көпжақты форматтағы кездесулеріне ерекше назар аударылды. Экономикалық ынтымақтастықты одан әрі тереңдету перспективаларын ортаға салдық. Осы тұста, сауда, өнеркәсіп, көлік және логистика салаларындағы өзара іс-қимыл мәселелері жете талқыланды», - деді миинстр.
Оның дерегінше, Қазақстан Өзбекстанның «үштікке» кіретін ең ірі сауда серіктестерінің бірі. Соңғы жылдары екіжақты сауда көлемі тұрақты түрде 4 млрд доллардан асады.
Министрдің айтуынша, Орталық Азия аймағы тұрғындарының көкейінде жүрген маңызды мәселе – су-энергетикалық кешені төңірегінде де пікір алмасып, оны шешу жолдарына назар аударылды.
Қаз
Рус






