Президент ҚХА-ның ХХХІІІ сессиясын шақыру туралы өкімге қол қойды

2 595

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Akorda.kzПрезидент Қасым-Жомарт Тоқаев «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты тақырыпта өтетін Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті ХХХІІІ сессиясын шақыру туралы Жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІІ сессиясы 2024 жылы 24-25 сәуір күндері Астана қаласындағы Президенттік орталықта өтеді.


Қазақстан халқы Ассамблеясының отыз үшінші сессиясын шақыру туралы


2024 жылғы 20 наурыз


1. Қазақстан халқы Ассамблеясының отыз үшінші сессиясы 2024 жылғы 24 – 25 сәуірде Астана қаласындағы Президенттік орталықта «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» күн тәртібімен шақырылсын.


2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан халқы Ассамблеясының отыз үшінші сессиясын өткізуді ұйымдастыру жөнінде шаралар қабылдасын.


Қазақстан Республикасының


Президенті Қ.Тоқаев


Астана, Ақорда, 2024 жылғы 20 наурыз


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.