Тоқаев Ресей президентімен телефон арқылы сөйлесті

2 541

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: АқордаҚазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының басшысы Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Қазақстан мен Ресей арасындағы су тасқынына байланысты күрделі ахуал талқыланды. 


“Екі елдің бейінді мекемелері мен қызметтерінің өзара тығыз қарым-қатынасы, бірлесіп мониторинг жүргізу және жағдайды болжау, жедел әрекетті жүзеге асыру атап өтілді. Мемлекет басшылары осы жұмысты іске қосу туралы тапсырма беруге келісті”, – делінген Ресей президенті баспасөз қызметі таратқан хабарламада.


Сондай-ақ халықаралық және өңірлік мәселелердің кейбір аспектілері, оның ішінде Ресейдің Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына, ал Қазақстанның Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына төрағалық ету тақырыбы да қозғалды.


Қазақстан-Ресей одақтастық қатынасын одан әрі жан-жақты нығайту келісілді. 


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.