Вадим Басин Қарағанды облысы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды

401

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Қарағанды облысы әкімінің орынбасары болып Вадим Басин тағайындалды. Бұрын ол "АрселорМиттал Теміртау" АҚ атқарушы директоры болып жұмыс істеген. 

Жаңа лауазымда ол энергетика, ТКШ, индустриялық-инновациялық саясат және инвестициялар, ТЖ мәселелеріне жетекшілік ететін болады.


 Өзінің жаңа орынбасарын өңір әкімі Жеңіс Қасымбек онлайн режимінде өткен аппараттық кеңесте таныстырды. Вадим Басин 1962 жылы дүниеге келген. 


Оның екі жоғары білімі бар: 1985 жылы "Тау-кен жұмыстарын электрлендіру және автоматтандыру" мамандығы бойынша Қарағанды политехникалық институтын, 1990 жылы "Өнеркәсіптік электроника" мамандығы бойынша Томск автоматтандырылған басқару жүйелері және радиоэлектроника институтын аяқтады.


 Еңбек жолын 1986 жылы бастаған. Қарағанды металлургия комбинатында аглоцехтің инженер-электригі, аглоцех бастығының электр өңдеу жөніндегі орынбасары болып жұмыс істеді. 
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.