ШҚО-да спорт саласындағы шенеуніктер сотталды

367

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Шығыс Қазақстан облысында спорт саласындағы жоғары лауазымды шенеуніктер сотталды. Оларды Риддерде спорт интернатының құрылысы кезінде жүздеген миллион теңге ұрлады деп айыптаған. Бұл туралы облыстың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі хабарлады.

Спорт және дене шынықтыру істері комитеті басқармасының бұрынғы басшысына айтарлықтай мөлшерде пара алу (ҚК 336-бабы 2 - бөлігі), спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының бұрынғы орынбасарына ауыр зардаптарға әкеп соққан лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану (ҚК 361 - бабы 4-бөлігі 3-тармағы), ал ЖШС бұрынғы басшысына алаяқтық жасау (ҚК 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағы) бойынша айып тағылды. "Сонымен қатар, комитет басқармасының бұрынғы басшысы ЖШС-нің бұрынғы басшысынан 35 млн теңге сомасында пара және құны 13 млн теңге болатын автокөлік алды деп айыпталды. Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының бұрынғы орынбасары мен ЖШС басшысы кінәсін толық мойындады, комитет басқармасының бұрынғы басшысы пара алғанын мойындаған жоқ", - деп хабарлады сотта. 
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.