Астанада Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысы басталды

2 674

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: пресс-службы АкордыАстанада Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының (ҰҚШҰ) Қауіпсіздік кеңесінің отырысы басталды, – деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің басшылары Тәуелсіздік сарайына келді. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәртебелі меймандарды қарсы алды.

Жиынға аталған ұйымға мүше мемлекеттердің басшылары, сыртқы істер және қорғаныс министрлері, қауіпсіздік кеңестері хатшылары мен парламент өкілдері қатысады.

Ұжымдық қауіпсіздік аймақтарындағы әскери-саяси жағдай бойынша пікір алмасу, ҰҚШҰ аясындағы ынтымақтастық нәтижелерін және ұжымдық қауіпсіздік жүйесін одан әрі дамыту перспективаларын талқылау көзделіп отыр. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын бірлесіп мерекелеуге дайындық мәселелеріне ерекше назар аударылады.

Қырғыз Республикасы 2025 жылы Ұйымға төрағалық етудің басымдықтары туралы ақпарат береді деп жоспарланып отыр.

Саммит қорытындысы бойынша тараптар бірқатар құжатқа қол қоймақ.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.