Президент Тоқаев Хелен Кларкпен кездесті

2 681

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: пресс-службы АкордыПрезиденты "Өндіруші салалардың ашықтығы бастамасы" ұйымының басқарма төрағасы Хелен Кларкты қабылдады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан 2007 жылы осы ұйымға мүше болғаннан бері ӨСАБ стандарттарын сақтауға бейілдігін көрсетіп келе жатқанын айтты. Елімізде жер қойнауын пайдаланушылардың ұйым талаптарын сақтау міндеттемелері және бюджетке аударатын салық пен басқа да төлемдері бойынша есебі заңнамалық деңгейде бекітілді.

Президент ұйым басшысына геологиялық барлау мен кен өндіру саласында қабылданған реттеу шаралары туралы ақпарат берді. Саланы дамытудың кешенді жоспары қабылданып, интерактивті карта мен 50 мыңнан аса геологиялық есептер қамтылған жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасы іске қосылды. Бұдан бөлек, бизнестің барлау және өндіру жұмыстарына лицензия алу тәртібі жеңілдетілді.

Хелен Кларк ұйымның алдағы кезеңге арналған стратегиялық жоспарын және басым бағыттарын бөлісті.

Ол Қазақстанның жер қойнауын пайдалануға қатысты заңнамалық актілерін жетілдіру жұмыстарын жоғары бағалады. Бұл кен өндіру өнеркәсібінің ашықтығын қамтамасыз ету талаптарын орындауға мүмкіндік береді.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.