Мемлекет басшысы Эмманюэль Макронға көңіл айту жеделхатын жолдады
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Франция Президенті Эмманюэль Макронға Майотта архипелагында болған жойқын тайфун салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Президент қайтыс болған азаматтардың жақын-жуықтарына олардың қайғысына ортақтаса көңіл айтып, зардап шеккен адамдардың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.
Қаз
Рус






