Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Вучичті биыл Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды

2 583

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: АқордаМемлекет басшысы Сербия Президенті Александр Вучичпен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі жариялады. 

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Александр Вучич екіжақты ынтымақтастықтың даму қарқынын жоғары бағалап, қазақ-серб қарым-қатынастарын одан әрі нығайтуға ниетті екенін жеткізді. 

Тараптар Қазақстан Президентінің 2024 жылғы қараша айында Белградқа ресми сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру барысын талқылады.

Мемлекеттер басшылары сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды жандандырудың, соның ішінде өнеркәсіп, энергетика, құрылыс, ауыл шаруашылығы, цифрландыру, көлік және логистика салаларындағы бірлескен бастамаларды нақты іске асырудың маңызын атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Вучичті биыл Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды.




OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.