Президент Қызылордадағы жаңа жылу электр орталығына барды

2 562

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото:AqordaЖаңа жылу электр стансасы Мемлекет басшысының оңтүстік өңірлерде халық пен экономиканың энергияға деген сұранысын қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында салынды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Заманауи үлгіде бой көтерген орталықтың жалпы қуаттылығы 240 мегаватт электр энергиясын және 277 гигакалория жылу энергиясын өндіруге жетеді. Бұл жоба өңірдің энергетикалық қауіпсіздігін күшейтіп, жаңа өндіріс пен тұрғын секторды үздіксіз энергиямен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Жобаның жалпы құны 215 миллиард теңгені құрайды. Жылу электр стансасы Түркияның Aksa Energy компаниясының инвестициясы есебінен жүзеге асырылды.

Фото:AqordaҚазіргі таңда нысандағы барлық негізгі агрегаттар толық орнатылып, пайдалануға дайын. Атап айтқанда:

  • қуаты 176 мегаватт болатын екі газ турбинасы;
  • қуаты 95 мегаватт бу турбинасы;
  • өнімділігі сағатына 120 тонна болатын екі бу қазандығы;
  • қуаттылығы сағатына 150 гигакалорияны құрайтын төрт су қыздыру қазандығы толық монтаждалған.

Жобаның іске қосылуы аймақтың энергетикалық әлеуетін арттырып, өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымның тұрақты дамуына серпін береді.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.