Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстанды біріктірген жаңа туристік бағыт ашылды

2 538

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Photo : ©"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясыҚазақстан, Өзбекстан және Тәжікстанды қамтитын жаңа мәдени-танымдық туристік маршруты іске қосылды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі sputnik.kz сайтына сілтеме жасап.

Жоба тарихында алғаш рет бағыт Тәжікстан астанасы - Душанбе қаласына дейін кеңейтілді. 2026 жылғы 20 - шы наурыз күні Алматы-2 теміржол вокзалынан "Jibek joly" туристік пойызы жолға шығады. Ұлы Жібек жолының тарихи қалалары арқылы өтетін бұл бағыт Алматыдан басталып, Түркістан, Самарқан, Душанбе және Ташкентті қамти отырып, Орталық Азияның рухани және заманауи орталықтарын байланыстырады. Туристік пакеттің бағасына туристік пойызбен қатынау, кәсіби гидтердің қатысуымен әзірленген экскурсиялық бағдарлама, кіріс билеттері, сондай-ақ трансфер қызметтері қамтылған.

"Сапар барысында қатысушылар Орталық Азия халықтарының мерекелік дәстүрлері, ұлттық салт-санасы, музыкасы мен әдет-ғұрыптарымен кеңінен танысу мүмкіндігіне ие болады", - жеп жазды ҚТЖ.

"Jibek Joly" туристік пойызының іске қосылуы теміржол туризмін дамытудағы маңызды кезең болып, Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстан арасындағы мәдени ықпалдастықты күшейтуге, сондай-ақ өңірдің бай тарихи мұрасын кеңінен дәріптеуге серпін бермек.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.