Әділет министрлігі «Әділет» саяси партиясын ресми тіркеді

2 517

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: ©Әділет партиясынан2026 жылғы 1-ші маусымда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Әділет министрлігі «Әділет» саяси партиясын ресми түрде тіркеді,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі Kaz.orda.kz сайтына сілтеме жасап.

Партия құрамына қоғамның әртүрлі салаларында еңбек етіп жүрген мамандар енген. Олардың қатарында еңбек адамдары, мұнай сервистік және тау-кен металлургиясы саласының қызметкерлері, шахтерлер, педагогтер, дәрігерлер, ғалымдар, кәсіпкерлер, IT-мамандар, заңгерлер, спортшылар және креативті индустрия өкілдері бар. Партия өкілдерінің мәлімдеуінше, ұйым қызметі әділдік, жауапкершілік, тең құқықтылық, патриотизм және прогресс қағидаттарына негізделген. Бұл құндылықтар қоғамдық келісімді нығайтуға, азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға және елдің тұрақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған.

Партия бағдарламасында заң үстемдігін нығайту, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, мемлекеттік және қоғамдық институттардың тиімділігін арттыру, өңірлерді дамыту, цифрландыру үдерісін жеделдету, адами капитал сапасын көтеру және бәсекеге қабілетті экономиканы қалыптастыру негізгі басымдықтар ретінде айқындалған. Сонымен қатар кәсіпкерлікті қолдау, жаңа жұмыс орындарын құру, білім беру мен денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру, жастардың әлеуетін дамыту және инновациялық жобаларды ынталандыру мәселелеріне ерекше назар аударылатыны айтылды. «Әділет» партиясы өз қызметін әділетті, заманауи және бәсекеге қабілетті Қазақстанды дамытуға бағытталған қоғамдық-саяси бастама ретінде қарастырады. Партия өкілдері барлық шешімдер кәсібилік, ашықтық, қоғамдық диалог және азаматтардың пікірін ескеру қағидаттарына сүйене отырып қабылданатынын мәлімдеген.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.