Қазақстан тарихындағы Сенаттың соңғы отырысы өтті

2 516

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Парламент тікелей эфирден скрин29- шы маусым күні Қазақстан тарихындағы Сенаттың соңғы отырыс өтті,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.

 Ертең палаталардың бірлескен отырысында кезекті сессия ресми түрде жабылады. Ал 1 шілдеден бастап жаңа Конституция күшіне еніп, Парламенттің өкілеті тоқтатылады.

Осылайша, 1995 жылы енген Конституция негізінде құрылған қос палаталы Парламент өзінің 30 жылдық тарихи миссиясын абыроймен аяқтады. 

“Құрметті әріптестер, алда бізді дамудың жаңа кезеңі, ауқымды әрі жауапты міндеттер күтіп тұр. Сенаттың 30 жылдық мол тәжірибесін жалғастырып, жаңа форматта және жаңа мәртебеде жұмысын бастайтын Құрылтайға сәттілік тілейміз! Еліміз өркендеп, тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын, халқымыз ел игілігі жолында әрдайым бірлікте еңбек ете берсін”, – деді Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев.

Оның айтуынша, Сенат 30 жыл ішінде жалпы саны 890 пленарлық отырыс өткізіп, онда 3 500-ден астам заң қабылданған.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.