«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-на жаңа басшы тағайындалды

2 514

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото; smi24.kz«Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының шешімімен Отыншиев Елжас Мұратұлы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы болып тағайындалды,-деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

 Жаңа басшы Мәскеу физика-техникалық институтының «Жалпы және қолданбалы физика» мамандығы бойынша бакалавриат пен магистратурасын тәмамдаған. Оның инвестициялар мен активтерді басқару саласында мол тәжірибесі бар. Еңбек жолын 2007 жылы Ernst & Young компаниясының Мәскеу қаласындағы кеңсесінде бизнесті бағалау және мәмілелерді сүйемелдеу департаментінің консультанты ретінде бастаған. 2009–2019 жылдары «Самұрық-Қазына» АҚ мен оның еншілес компанияларында жұмыс істеді. 2021–2023 жылдары KIDF ұйымында басшылық қызметтер атқарып, инвестициялық портфельді басқару бағытына жетекшілік етті. 2023 жылы сәуірден бастап осы уақытқа дейін «Самұрық-Қазына» АҚ Стратегия және активтерді басқару жөніндегі басқарушы директоры – Басқарма мүшесі қызметін атқарды. Бұл лауазымда қордың мұнай-газ, теміржол, тау-кен және басқа да салалардағы портфельдік компанияларын басқаруға жауапты болды. 2024 жылғы ақпаннан бастап «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі. 2023 жылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградасы – «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.