Серікқали Брекешев KAZENERGY қауымдастығының төрағасы болып тағайындалды

2 507

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: primeminister.kzKAZENERGY қауымдастығына жаңа төраға сайланды. Бұл қызметке бұған дейін мемлекеттік қызметте және мұнай-газ саласында еңбек еткен Серікқали Брекешев келді, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

KAZENERGY қауымдастығының мәліметінше жиынға қатысушылар Брекешевтің жетекшілігімен қауымдастық салалық мүдделерді біріктіру, мемлекет пен бизнес арасындағы диалогты дамыту және Қазақстанның энергетика кешенінің әлеуетін нығайту бағытындағы жұмысын жалғастыратынына сенім білдірді.

Бұған дейін KAZENERGY қауымдастығын 2025 жылдың ақпан айынан бері Болат Ақшолақов басқарды. Жиында оның басшылығы кезінде қауымдастық мемлекет пен бизнес арасындағы диалогтың жетекші салалық алаңы ретіндегі мәртебесін нығайтқаны айтылды. Сонымен қатар, Қазақстанның халықаралық деңгейдегі ұстанымын күшейткені және салықтық, реттеуші реформалар мен жер қойнауын пайдалану саласындағы заңнаманы жетілдіру аясында мұнай-газ және энергетика кешенінің мүдделерін жүйелі түрде қорғауды жалғастырғаны атап өтілді.

Елдің жетекші энергетикалық компанияларының басшылары Болат Ақшолақовқа бірлескен жұмысы мен KAZENERGY қауымдастығының дамуына қосқан үлесі үшін алғыс айтты. Олар оның кәсіби тәжірибесі мен саланы терең білуі Қазақстанның негізгі мұнай өндіруші өңірі – Атырау облысының әкімі қызметінде де мұнай-газ саласының дамуына елеулі үлес қосатынына сенім білдірді.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.