Төтенше жағдайлар министрлігіне жаңа функциялар берілді

2 507

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Zakon.kz/Екатерина ЕлисееваҮкіметтің 2026 жылғы 18 тамыздағы қаулысымен Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ережеге толықтырулар енгізілді, - деп хабарлайды Opennews.kz  ақпарат агенттігі.

Министрліктің функцияларына мынадай жаңа міндеттер қосылды:

шағын көлемді кемелерді пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша Қазақстанның мемлекеттік органдарымен өзара іс-қимыл жасау;

шағын көлемді кемеде кеме құжаттарының болуын тексеру;

жеке және заңды тұлғалардың шағын көлемді кемелерді пайдалану тәртібін айқындайтын нормативтік-құқықтық актілер талаптарын сақтауына мемлекеттік бақылау және қадағалау жүргізу, заңбұзушылықтарды анықтап, олардың жолын кесу шараларын қабылдау;

Қазақстан заңнамасында көзделген тәртіппен және жағдайларда шағын көлемді кемелерді әкімшілік тәртіппен ұстау және тексеріп-қарау;

мемлекеттік органдарға көлік оқиғалары мен шағын көлемді кемелерді пайдалану ережелерінің бұзылуының алдын алу жөнінде ұсыныстар енгізу.

Сонымен қатар Қазақстан аумағында апатқа ұшыраған туристерге қажетті көмек көрсететін мамандандырылған қызметтердің тізбесіне өзгерістер енгізілді.

Енді Алматыда туристерге қажет болған жағдайда "Республикалық жедел-құтқару жасағы" мемлекеттік мекемесінің орнына "Барыс" республикалық құтқару қызметі" республикалық мемлекеттік мекемесі көмек көрсетеді.

Осындай өзгеріс ТЖМ қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесіне де енгізілді.

Қаулы 2026 жылғы 18 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.