Олжас Бектенов президентке уәде берді

2 507

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: akorda.kzПремьер-министр қызметіне қайта тағайындалған Олжас Бектенов бірқатар маңызды міндеттерді орындауға уәде берді,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.

Құрылтай депутаттары премьер-министр лауазысына ұсынылған Олжас Бектеновтың кандидатурасын қолдады. Осыдан кейін Бектеновтың өзі мінберге шығып, алдымен президентке екінші рет үкімет басшысы лауазымына тағайындағаны үшін алғыс айтқан. Премьер алдағы маңызды міндеттерді де атады.

"Президент мырза, жыл қорытындысы бойынша кемінде 5 пайыз деңгейінде өсуін қамтамасыз етеміз. Бұл орайда азаматтарды белсенді жұмыспен қамту арқылы олардың табысының өсуін ынталандыра отырып, инфляцияның деңгейін төмендетеміз", - деді Бектенов.

Осы орайда премьер республика бойынша маңызды жобалардың құрылысы басталғанын ерекше атап өтті. Үкімет ауқымды инфрақұрылымдық және әлеуметтік нысандарды озық қарқынмен салады.

"2026 жыл сіз жариялағандай цифрландыру және жасанды интеллект жылы болып белгіленді. Тапсырмаларды жедел әрі сапалы орындау үшін бар күш-жігерімізді саламыз. Эконмиканың барлық саласында цифрлық трансформация жалғасын табады. Сонымен қатар, "Заң мен Тәртіп" қағидаты үкімет жұмысының басты бағдарының бірі болады", - деді үкімет басшысы.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.