Алматы облысының әкімі лауазымынан босатылды

2 515

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Алматы облысының әкімдігіПрезидент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұйрығымен Марат Сұлтанғазиев қызметінен кетті,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.

“Мемлекет басшысының Жарлығымен Марат Елеусізұлы Сұлтанғазиев Алматы облысының әкімі лауазымынан босатылды”, – деп жазды Ақорда. 

Марат Сұлтанғазиев 1976 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін, Қазақ мемлекеттік заң академиясын, Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін тәмамдаған. Мамандығы бойынша — экономист-қаржыгер, заңгер, іскерлік әкімшілендіру магистрі.

Мансап

1997 - 1999 жылдары - Алматы қаласы Әуезов ауданы бойынша Салық комитетінің салық аудиті бөлімінің салық инспекторы;

1999 - 2001 жылдары - Алматы қаласы бойынша Салық комитеті әкімшілендіру басқармасының үйлестіру бөлімінің салық инспекторы, заңды тұлғалар аудиті бөлімінің жетекші, бас салық инспекторы;

2001 - 2006 жылдары - Алматы қаласы Бостандық ауданы бойынша Салық комитетінің аудит бөлімінің бастығы;

2006 - 2008 жылдары - салықтық апелляциялар, түсіндірулер және құқықтық қамтамасыз ету басқармасының бастығы, Алматы қаласы бойынша Салық комитеті салықтық аудит басқармасының бастығы

2008 - 2010 жылдары - Алматы қаласы бойынша Салық департаменті бастығының орынбасары

2010 - 2012 жылдары - ҚР Қаржы министрлігінің Салық және кеден заңнамасы мәселелерін үйлестіру, кірістерді талдау және болжау департаментінің директоры;

2012 - 2014 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің сектор меңгерушісі

2014 - 2018 жылдары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы

2018 - 2021 жылдары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы

2021 - 2022 жылдар - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі

2022 - 2022 жылдар - Қазақстан Республикасының Қаржы бірінші вице-министрі

11.06.2022 - Алматы облысының әкімі

Басқа лауазымдар:

16.08.2021 жыл - "Проблемалық кредиттер қоры" АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі

Мемлекеттік және халықаралық наградалар, сыйлықтар, құрметті атақтар:

2019 жылы - "Құрмет" ордені.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.