Бүгін -Халықаралық демократия күні

2 508

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: GoogleБүгін - Халықаралық демократия күні. Бұл атаулы күн БҰҰ Бас Ассамблеясының 2007 жылғы 13 желтоқсандағы Үкіметтердің демократияны дамыту мен нығайтудағы күш-жігерлерін қолдауға арналған қарарында жарияланған болатын, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

2008 жылдың 15 қыркүйегінен бастап атап өтіліп келеді.

Халықаралық демократия күні Жаңа және қайта жаңғырған демократия елдерінің халықаралық конференциясының ұсынысы бойынша 1997 жылғы Демократия туралы ортақ декларация қабылдануына байланысты бекітілген. Қарарда БҰҰ-ға мүше елдерге, үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдарға, жеке тұлғаларға бұл күнді қоғамның хабардарлығын арттыру мақсатында атап өту ұсынылады. Қарар БҰҰ Бас хатшысын БҰҰ-ның Халықаралық демократия күнін атап өту үшін шаралар қабылдауға шақырады.

Пан Ги Мун өзінің 2009 жылғы 15 қыркүйектегі жолдауында: «Демократия өз-өзінен маңызды болып қоймайды - бұл әлеуметтік-экономикалық ілгерілеуге ынталандырушы қуатты күш, халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау, сондай-ақ негізгі құқықтар мен бостандықтарды сыйлау да», - деп атап көрсеткен болатын.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.