Қазақстанда мемлекеттік басқару жүйесі толыққанды өзгереді
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік басқару жүйесін реформалаудың жоспарын дайындауды тапсырды,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.
Президент аппараты оны 2027 жылдың 1 маусымына дейін тапсыруы керек.
Сонымен қатар, жыл ішінде президент әкімшілігі стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігімен, ғылыми орталықтармен және Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтымен бірлесіп, елдің даму басымдықтарының ұзақ мерзімді көрінісі бар құжатты әзірлеуі тиіс. Президент депутаттар оны дайындауға үлес қоса алатынын атап өтті.
Президент Үкіметтен бастап ауыл әкімдеріне дейінгі барлық деңгейдегі басқару құрылымын қайта қарап, мемлекеттік аппарат пен әрбір мемлекеттік қызметшінің жұмыс тиімділігін арттыруды тапсырды. Оның айтуынша, билік жүйесі цифрландыру дәуірінің талаптарына сай болып, жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалануы керек.
Атап айтқанда, жасанды интеллектіні басқару жүйесіндегі қайталанатын міндеттер мен өзара қайшылықтарды жою үшін қолдану ұсынылды. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев қағазбастылықтан арылып, шешім қабылдауға кедергі келтіретін рәсімдерді қысқартуға шақырды. Президент мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талаптарға да тоқталды. Олар кәсіби білікті болып, Конституцияны басшылыққа алуы және ел мен халыққа адал қызмет етуі керек. Осыған байланысты мемлекеттік қызметшілерге арналған жаңа әдеп қағидаттарын әзірлеу ұсынылды.
Еске сала кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында Қазақстандағы жол сапасын жақсарту және шекарадағы көлік кептелісін азайту мәселесін көтерді. Ол келер жылы барлық автомобиль өткізу бекетін жаңғыртуды аяқтап, республикалық және жергілікті жолдардың сапасын жақсартуды тапсырды.
Қаз
Рус






