АЭС салатын болса, біз көмектесуге дайынбыз - Путин

367

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Ресей президенті Владимир Путин Қазақстан атом электр станциясын салса, кадр даярлап, қызметкерлерін беруге әзір екенін жеткізді -деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.



 Ресей Қазақстанның атом энергетикасын дамытуға қатысты жоспарларын мұқият бақылап отырғанын атап өтті.

"Егер сіздер атом электр станциясын салу туралы шешім қабылдайтын болсаңыздар, Ресей қазақстандық серіктестеріне оны тұрғызу және эксплутациялау ісіне өз көмегін ұсынады. Атап айтқанда, республикада ресейлік дизайндағы АЭС құрылысы жайлы сөз болуы мүмкін. Бірақ ол ғана емес. Бұл жерде тұтас бір сала құру туралы сөз қозғалып отыр. Оған Ресейдің жоғары оқу орындарында атом энергетикасын пайдаланумен байланысты жаңа мамандықтар бойынша кадрлар даяурлау да кіреді", – деді Путин Қазақстан мен Ресей  президенттері қатысып жатқан XVII Өңіраралық ынтымақтастық форумында.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.