Қазақстан QazVac вакцинасын Мажарстанға ұсынды

254

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Қазақстан Мажарстан аумағында QazVac вакцинасын қолдануды ұсынды- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Мажарстаннан келген өкілетті бизнес-делегацияның және қазақстандық кәсіпкерлердің қатысуымен ірі бизнес форум өтті. Іс-шара барысында медициналық туризм, ауыл шаруашылығы, «жасыл энергетика», көлік және логистика салаларында бірқатар маңызды инвестициялық меморандумға қол қойылды.

«Біздің елдеріміз коронавирус пандемиясы кезінде бір-біріне қолдау көрсетіп келеді. Өздеріңізге мәлім, биылғы маусымнан бастап Қазақстан мен Мажарстан вакциналау паспорттарын өзара тану жөнінде уағдаластыққа қол жеткізді. Біз отандық QazVac вакцинасын Мажарстан аумағында қолдану мүмкіндігін қарастыруды ұсындық», - деді М. Тілеуберді ҚР Сыртқы істер министрлігінде Мажарстан Премьер-министрінің орынбасары, Қаржы министрі Михай Варгамен кездесуде.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.