Ақпан айында жаңа үкіметтің кеңейтілген отырысы өтпекші

367

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Ақпан айында Қазақстанда  жаңа құрамдағы үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді. Бұл туралы премьер-министр Әлихан Смайылов мәлімдеді, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі  Stan.kz сайтына сілтеме жасап. 

Ол президент Қасым-Жомарт Тоқаев 11 қаңтарда парламентте өткен жиында үкіметтің алдына бірқатар ауқымды міндет қойғанын еске салды.
"Оның үстіне біз апта ішінде үкіметтің 2022 жылға арналған іс-қимыл бағдарламасын дайындауымыз қажет. Ол ақпан айының басында өтетін үкіметтің кеңейтілген отырысында қаралады", - деді Смайылов үкіметтің жаңа құрамының алғашқы отырысында.
Бүгін, 12 қаңтар елордада жаңа құрамдағы үкіметтің бірінші отырысы өтіп жатыр. Отырыста жаңа министрлер салтанатты түрде ант берді.
Еске салсақ, 11 қаңтар күні президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің жаңа басшысын тағайындады. Премьер-министр қызметіне Әлихан Смайылов келді. Бұдан соң мемлекет басшысы үкіметтің жаңа құрамын бекітті. 
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.