Қасым-Жомарт Тоқаев «Орталық Азия – ҚХР» саммитіне қатысуда

299

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен «Орталық Азия – ҚХР» саммиті басталды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 25 қаңтарда дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығына арналған «Орталық Азия – ҚХР» атты саммитке қатысады. Онлайн форматта өтетін жиынға Қытай тарапы бастамашы болды», - деп жазған еді бұған дейін ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-парақшасында.

Оның атап өтуінше, көшбасшылар түрлі салалар бойынша Орталық Азия елдері мен Қытай арасындағы көпжақты стратегиялық ынтымақтастықтың даму перспективаларын талқылайды. Іс-шара қорытындысы бойынша дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығына байланысты Бірлескен мәлімдеме қабылданады деп жоспарланған.

Саммитке ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Қырғызстан Президенті Садыр Жаппаров, Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедов, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон қатысуда.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.