Байден Ресейге қарсы жаңа санкциялар енгізді

352

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

АҚШ президенті Джо Байден Ресейге қарсы жаңа санкция қолдануды мақұлдайтынын айтты, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі РИА Новости сайтына  сілтеме жасап.

Вашингтон Мәскеудің доллар, фунт және йенмен бизнес жүргізу мүмкіндігін шектемек. Сондай-ақ, Байден штаттар ВТБ-мен қоса алғанда төрт ірі банкке тосқауыл қоятынын айтты.

"Бірігіп шамамен, 1 триллион долларды бақылайтын ресейлік банктерге санкция салып жатырмыз. Ресейлік банк активтерінің үштен бір бөлігінен астамына иелік ететін ең ірі ресейлік банкті америкалық қаржы жүйесінен ажыратамыз", - деді Байден. 

Сондай-ақ, АҚШ пен одақтастары Ресейдің жоғары технология өнімдері импортын 50 пайызға шектемек, деді ол. Санкциялар Ресейдің ең ірі мемлекеттік компаниялары, ресейлік ғарыш бағдарламасы облигацияларына да әсер етеді.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.