Грузия мен Молдова Еуроодаққа мүшелікке кіруге өтініш білдірді

300

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Молдова президенті Мая Санду Еуроодаққа мүшелікке кіру туралы өтінішке қол қойды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Мая Сандудың айтуынша Молдова болашақ үшін жауапкершілікті өз мойнына алуға, демократия мен өркендеу жағдайында өмір сүруге және еркін әлемнің бір бөлігі болуға дайын.

Ал Грузияның премьер-министрі Ираклий Гарибашвили бұл шешімнің ел болашағына пайдасы болатынын айтады.


“Құрметті отандастар бұл Грузия үшін тарихи күн мемлекет атынан мен ЕО-қа мүше болу туралы өтінішке қол қойып жатырмын. Бұл Грузияның еуропалық интеграциясы жолындағы жаңа жол ашатын тағы бір маңызды кезең, тарихымыздың бір парасы”,-деді Грузияның премьер-министрі.

28 ақпанда мүшелік туралы өтінішке Украина билігі өкілдері де қол қойды. Салдарынан Ресейдің Украинаға басып кіру қимылдары жасалды. 2 наурызда Еуропарламент отырысында Владимир Зеленский Украина баяғыда Еуропаны таңдағанын, енді Еуропаның Украинаға қолдауын күтетінін айтқан болатын. 


Еуропарламент кейінірек ЕО мүшелеріне Украинаға кандидат мәртебесін беруді ұсынған қарарды мақұлдады.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.