Мәжіліс, Сенаттағы депутаттар саны азаятын болды

356

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламенттегі депутаттар саны азаятынын айтты,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Экспресс К сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы Президент Қазақстан халқына арналған жолдауында мәлім етті.

Сенаттағы президенттік квотаны бақылау құралы ретінде емес, аз қамтылған әлеуметтік топтардың дауыстары мен пікірлерін есепке алу тетігі ретінде қарастырған жөн. Енді Сенаттағы президенттік квотаны 15-тен 10-ға дейін қысқарту туралы шешім қабылдадым,— деді Қасым -Жомарт Тоқаев.

Ол Парламенттің төменгі палатасы ешкімге жасанды артықшылық бермей, елдің бүкіл сайлау ландшафтын көрсетуі керек деп айтты.

Осылайша, біз Мәжілістегі ҚХА квотасын жоямыз, бұл менің ойымша, саяси жағынан да, құқықтық тұрғыдан да дұрыс. Бұл квота Сенатқа беріліп, 9-дан 5-ке дейін қысқартылды. Алдағы уақытта Мәжілістегі жалпы депутаттық орын азаяды,— деді Президент.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.