Қатар әмірі Қазақстанға келеді

718

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Әмірі шейх Тамим бен Хамад Әл Тәнимен телефон арқылы сөйлесті,-  деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Ақорда ресми сайтына  сілтеме жасап.

Әңгіме басында Мемлекет басшылары бірін-бірі қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтады.

Көшбасшылар Қазақстан мен Қатар арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі жағдайын талқылап, оны одан әрі қарай дамытудың қолайлы перспективалары бар екенін атап өтті.

Тараптар өзара сауда-саттықтың оң қарқынын одан әрі сақтауға және инвестициялық жобаларды, соның ішінде банк және қаржы салаларындағы жобаларды жүзеге асыруға ниетті екенін нақтылады.

Қазақстан Президенті Қатардың жетекші бизнес өкілдерін экономиканың басты салаларындағы бірлескен жобаларды іске асыруға белсене атсалысуға шақырды.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.