Парламент Сенаты Мәжіліс мақұлдаған заң жобасына екі өзгеріс енгізді

380

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Парламент  қоғамда дау туғызған кибербуллинг туралы заң жобасына өзгерістер еңгізді, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

"Сенат енгізген түзетулер мемлекеттік органдардың балаға зиян келтіретін, Қазақстан аумағында таратылуына тыйым салынған немесе өзгеше түрде шектеу қойылған ақпаратты орналастыруға жол берген интернет-ресурстармен өзара іс-қимыл жасау тетігін өзгертуді көздейді", - деді Мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы Жәмила Нұрманбетова.

Сенат депутаттары бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкілетті органға балаға қатысты кибербуллинг фактілері бойынша сараптама жүргізу тәртібін айқындау жөнінде құзырет беруді, сондай-ақ интернет-ресурстарға қол жеткізуді тоқтата тұруға негіз ретінде кибербуллинг фактілерін заңнамалық түрде айқындауды ұсынды.
Заң жобасынан БАҚ саласындағы уәкілетті органның тыйым салынған ақпаратқа қол жеткізуді шектеу тәртібін айқындау жөніндегі құзыреті алынын тасталды.


"Бұл түзетулер Мәжіліс мақұлдаған заң жобасының тұжырымдамасы мен мазмұнын өзгертпейді", - деді депутат.

Осылайша төменгі палата Сенат енгізген өзгерістермен келісті. Парламент қабылдаған заң президенттің қол қоюына жіберілді. Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов осы заңды әзірлеген әріптестеріне – Айдос Сарым мен Динара Зәкиеваға алғыс айтты. Бұған дейін елордада әлеуметтік желілерді шектеуге қарсы митинг өткен болатын.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.