Саясаттанушы Айдос Сарымның әкесі Әміролла Сарым қайтыс болды

401

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: pixabay.comСаясаттанушы, мәжіліс депутаты Айдос Сарымның әкесі Әміролла Сарым өмірден өтті.

Бұл туралы саясаттанушының өзі Facebook парақшасында хабарлады.
 
"Асқартаудай әкеміз, қазақ телевизиясының ардагері Әміролла Саримов дүниеден озды. Пандемиядан туындаған талаптарға сай ырым-жоралғыларды шектеуге мәжбүрміз. Соңғы сапарына ертең, 14 сәуір күні аттандырамыз. Паримбетов 9а көшесіндегі (Жандосов көшесінің бойы, Таугүл ықшамауданы) мешітте сағат 10.00-де жаназасы.

Көңіл айтып жатқан барша жұртқа отбасымыздың атынан алғыс айтамыз", - деп жазды Айдос Сарым.

Депутатқа президенттің көмекшісі Ерлан Қарин көңіл айтып, марқұм туралы естелігімен бөлісті.

"Қазаның арты қайырлы болсын. Бекем бол, Айеке! Әміролла Сарым қазақ телевизиясы мен радиосының дамуына зор үлес қосқан ардагер журналист болатын. Осыдан бірнеше жыл бұрын "Қазақстан" корпорациясында қызмет еткенде ағамызбен жиі жүздесіп, пікір алмасқан едік. Ол кісі сырқатына қарамай, қазақ телевизиясының 60 жылдығын ұйымдастыруға белсене атсалысты. Парасатты, салмақты, ерекше мейірімді кісі еді. Иманы саламат болсын!", - дейді Ерлан Қарин. 

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.