Азия кеңесінің құрамы кеңейеді

427

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Бүгінде Азия кеңесінің құрамында 27 мемлекет тіркелген, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.  
                                                                                                      
Хатшылық өкілдері биыл күзде елордада өтетін алқалы жиынға әзірлікті бастап кетті. Таяуда атқарушы директор Қайрат Сарыбай бастаған делегация Өзбекстанда болып, кеңес аясында ынтымақтастықты нығайту жолдарын талқылады. Бауырлас ел қазақстандық дипломаттардың мақсат-міндетіне қолдау білдірді.


 Бұл бастаманың іске асуына өзбек тарапы да мүдделі. Тіпті келер жылы арнайы басқосу ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Кеңеске 27 ел мүше. Соның бірі – Өзбекстан. Тағы 9 мемлекет бақылаушы мәртебесіне ие. 

Қайрат Сарыбай, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім кеңесі хатшылығының атқарушы директоры:

 – Азия кеңесі Азия құрлығында өзара сенімді орнату мақсатында құрылған. Бұл Еуропадағы ынтымақтастық ұйымына пара-пар, сол идеяларды Азияда дамытуға арналған бастама. Кеңес құрамында 27 мемлекет бар. Бұл сан ұлғаяды. Жақын арада тағы қосылатын мүше мемлекет болуы мүмкін.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.